Головкин Twitter желісіндегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді

©Joe Camporeale/USA TODAY Sports

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Вилли Монро кішімен жекпе-жегінің алдында Twitter желісіндегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен 20 минут сіздердің қойған сұрақтарыңызға жауап бере аламын. Дайынсыздар ма?" - деді Головкин. Оған жанкүйерлері түрлі сұрақтар қойды. Көбісі қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болатынын білгісі келді.

Головкинге сұрақтар #AskGGG хэштегімен қойылды. Ең қызығы, боксшыға қойылған сұрақтардың барлығы ағылшын тілінде болды. Ол мадридтік "Реал" командасының жанкүйері екенін айтты. Сонымен қатар, ол Майкл Джексонның әндерін тыңдап жүріп жаттығады екен. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин - Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де басталады. Жекпе-жек "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама