Головкин тым көп сөйлеп кетті, асқақтық жеңіске жеткізбейді - Комментатор

Комментатор ?рі журналист Армандо Мендоза ?аза?станды? Геннадий Головкинге мексикалы? Сауль "Канело" Альваресен ж?дыры?тасар алдында неліктен с?зіне абай болу керектігін айтты", - де хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі.

Комментатор әрі журналист Армандо Мендоза қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресен жұдырықтасар алдында неліктен сөзіне абай болу керектігін айтты", - де хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Головкиннен осынша көп сөзді алғаш естіп тұрмын. Ал Альварес еш үндемей жаттығып жатыр. Бұл GGG жанкүйерлерінің күдігін тудыруы керек еді, өйткені, асқақтық ешқашан жетістікке жетелемейді. "Канело" ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндей дайындалатына сенімдімін. Сондықтан бұл жерде ешқандай әзіл мен менсібеушілікке орын жоқ. Головкин қарсыласының мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы керек. Әйтпесе шұбатылған тілі үшін өзі жазалаған қарсыластарының күйін кешуі мүмкін", - дейді Мендоза. 

Мұның алдында Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз "Канелоның" Чавеспен жұдырықтасқандағы әрекетіне күлген Головкиннің әзілдерін тым батыл болды деп атаған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, boxingnews24.com баслымына берген сұхбатында Чавеспен жұдырықтасқаннан кейін Альварестің көзінен қорқыныш көргенін айтқан. 

Альварес-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың орны бар T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кеші PPV ақылы трансляция арқылы HBO арнасынан көрсетіледі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама