Головкин Уэйдпен өтетін жекпе-жегінен не күтетінін айтты

© latimes.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Уэйд - өте "аш" және орта салмақтағы тәжірибелі боксшы. Бұл кездесу мен үшін кезекті сынақ болады", - деді Головкин BoxNation басылымына берген сұхбатында. Ал оның қарсыласы Уэйд қазақстандық боксшымен жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді: "Мен осы белеске шығу үшін мансабымды бастағаннан бері дайындалып келемін. Кездесуге дайынмын!". Айта кетейік, екі боксшы арасында өтетін жекпе-жектің билеттері түгелдей сатылып кетті.

Головкин мен Уэйд шаршы алаңға 23 сәуірде шығады. Жекпе-жек Лос-Анджелестің "Форум" аренасында өтеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама