Головкин үздік деп санайтын футболшыларды атады

© vk.com/ggolovkin

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы, орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ата?ына ие Геннадий Головкин Мадридті? "Реал" футбол клубына жанк?йер, - деп хабарлайды Мassaget.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин Мадридтің "Реал" футбол клубына жанкүйер, - деп хабарлайды Мassaget.kz

Боксшы Sirius XM радиосына берген сұхбатында да корольдік клубқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өнерін жоғары бағалайтын футболшылардың есімін атады.

"Реал" - үздік команда! Оның ішінде Серхио Рамос пен Криштиану Роналдудың өнерін жоғары бағалаймын. Серхио - нағыз ер. Жігітке тән мінезі бар команда көшбасшысы әрі үлгілі әке. Ал Роналду жайлы бір ауыз сөзбен айтсақ, ол - үздік!", - деді Головкин. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық чемпион Месси мен Зиданға қатысты сұрақтарға да жауап берді.

"Мен жылдамдық пен күш салғанды жақсы көремін. Месси де мықты ойыншы. Бірақ сәл өзгешелеу. Зиданның жаттықтырушылық қызметі ұнайды. Ақылды бапкер. Екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасында жеңімпаз атануы - өте қуанарлық жағдай", - деді GGG.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама