Головкин WBN нұсқасы бойынша үшінші мәрте "Жыл боксшысы" атанды

© Worldboxingnews.net

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net (WBN) нұсқасы бойынша үшінші мәрте "Жыл боксшысы" атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBN сайтында жүргізілген сауалнамада Головкин 9300 дауыс жинады. Айта кетейік, сауалнамаға 9900 адам қатысты. Яғни, Головкин 94 пайыз дауысқа ие болды.

Головкиннен кейінгі орында небары 2 пайыз дауыс жинаған ұлыбританиялық Тайсон Фьюри тұр. Флойд Мейвезер, Сауль "Канело" Альварес, Роман Гонсалес пен Джеймс ДиГейл 1 пайыз дауыстан еншіледі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2015 жылы қазақстандық боксшы рингке үш рет шығып, барлығында жеңіске жетті. Оның қарсыластары Мартин Мюррей, Вилли Монро, сонымен қатар, Давид Лемье болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама