Головкин жаңа бапкері кім екенін мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері - бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері - бұрынғы америкалық боксшы Джонатан Бэнкс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

36 жастағы Бэнкс Головкиннен үш айға кіші. Бұрын ол IBO нұсқасы бойынша және NABO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы болған. 

Бэнкс Виталий Кличконы жаттықтырған. Ол аты аңызға айналған Эмануэл Стюардқа ассистент ретінде көмектескен, ал Старттың өлімінен кейін украиналық спортшының бапкері болды, ол алты жекпе-жек өткізген. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның шәкірттерінің арасында ұлыбританиялық ауыр салмақта шығатын Диллиан Уайт болған, ал қазір ол норвегиялық әлем чемпионы Сесилия Брекхуспен жұмыс істейді. 

"Қол жеткізген жетістігіме сүйене отырып, боксшы ретінде кәсібилігімді арттырғым келеді. Джонатан мақсатыма жетуге көмектесетін жаңа дағдыларды үйретеді. Біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз және 8 маусымда Madison Square Garden-де әлемге Big Drama Show көрсетуге асығыспын", - деді Головкин.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама