Головкин жаттығу жасауды тоқтатты

Головкин жаттығу жасауды тоқтатты

WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жаттығу жасауды тоқтатты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы World Boxing News басылымына оның бапкері Абель Санчес хабарлады.

"GGG қазір жаттығу жасап жүрген жоқ. Ол қазір отбасымен бірге", - деді Санчес. Еске салайық, Головкиннің қарағандылық Алинамен отау құрғанына сегіз жыл болды. Олар Вадим есімді ұлдарын тәрбиелеп жатыр. Боксшы өзінің сұхбаттарының бірінде, өзіне ұлының шабыт беретінін атаған еді.

Сонымен қатар, Санчестің айтуынша, Головкиннің келесі жекпе-жегінің нақты мерзімі белгісіз. Бапкердің айтуынша, ол қарсыласының кім екенін білгісі келеді, себебі бұл оның жаттығу бағдарламасына байланысты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама