ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 қазан 2019 09:19
Головкин жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке келді
Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасу үшін Нью-Йоркке келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
30 қыркүйекте Головкин The Breakfast Club радиобағдарламасының қонағы болып, танымал Sport Illustrated басылымына сұхбат берді.
Головкин - Деревянченко кездесуі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Боксшылар IBF және IBO титулдарын сарапқа салады.
Шоудың андеркартында жеті кездесу болады - олардың бірінде қазақстандық Али Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу