24 қараша 2019 11:14

Головкинді жекпе-жекке шақырған әлем чемпионы 4 рет жеңіліс тапқан қарсыласын нокаутқа түсіре алмады

Камила Долаева Журналист
Каллум Смит (сол жағында) және Джон Райдер. Сурет: Matchroom

WBA (Super) нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы және WBC (Diamond) титулының иегері британиялық Каллум Смит өзінің отандасы Джон Райдерді жеңіп, белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super) нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы және WBC (Diamond) титулының иегері британиялық Каллум Смит өзінің отандасы Джон Райдерді жеңіп, белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Смит дүниеге келген және қазір тұрып жатқан Ливерпульде Echo аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болды. Кездесу нокдаунсыз өтті, 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімі бірауыздан шықты - 117-111, 116-112, 116-112. Сонымен қатар, төртінші раундтан бастап Смиттің оң қабақ жағы жырылып жұдырықтасты.  

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sky Sports Boxing ???? (@skysportsboxing) 23 Ноя 2019 в 3:11 PST

29 жастағы Смиттің бұл 27-ші жеңісі (19 нокаут), ол әлі жеңіліп көрмеген, ал 31 жастағы Райдер бірінші рет әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасып, бесінші рет жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 28 жеңіс (17 нокаут) бар. 

Еске салсақ, Райдерге сәуір айында Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек ұсынылған болатын, бірақ ол бас тартты, нәтижесінде қазақстандық боксшы 8 маусымда канадалық Стив Роллспен (19-1, 10 КО) кездесіп, DAZN стриминг сервисіндегі дебюттік жекпе-жекгінде нокаутпен жеңді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram