Головкинді нокаутпен жеңгім келеді - "Канело"

Головкинді нокаутпен жеңгім келеді - "Канело"

Екі салма? д?режесінде ?лемні? б?рын?ы чемпионы мексикалы? Сауль "Канело" Альварес орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинді нокаутпен же?гісі келетінін м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді нокаутпен жеңгісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жекпе-жектің Лас-Вегаста өтетіні мен үшін тиімді бола ма? Жоқ. Головкин тәжірибесі мол боксшы. Головкиннің командасы менің соққымның күшін бағаламай отыр демеймін. Бокста бәрі де мүмкін. Әсіресе нокаутпен жеңіске жетіп жүрген екі жігіт жайлы сөз болғанда. Әрине, Головкинді нокаутпен жеңгім келеді", - деп келтіреді Альварестің сөзін  Fansided.com журналисі Джек Йоргенсен. 

Ал Sherdog порталына берген сұхбатында Альварес Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан заманнан бері боксшы ретінде мықтырақ бола түскенін айтты. 

Жарнама
Жарнама

"Сенім пайда болып, тәжірибе жинадым. Головкиннің әлсіздіктері бар, осы тұста жұмыс істеп жатырмыз. 16 қыркүйекте оның әлсіздіктерін көрсетіп береміз", - деді "Канело". 

Айта кетейік, мұның алдында Головкин мексикалықты нокаутпен жеңгісі келетінін мәлімдеген еді. Айтуынша, ол далбаса әңгімесі үшін промоутерлерін "жазалап", титулдарын ұзақ уақытқа сақтап қалғысы келеді. 

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама