Головкинді тірідей қуыратын жоспарымыз бар - Крис Юбенк

Головкинді тірідей қуыратын жоспарымыз бар - Крис Юбенк

IBO т?жырымы бойынша екінші орта салма?та ?лем чемпионы, ?лыбританиялы? боксшы Крис Юбенкті? (24-1, 19 КО) ?кесі басты ма?сат деп орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек ?ткізуді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz ?аза? б?лімі.

IBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің (24-1, 19 КО) әкесі басты мақсат деп орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

"Енді барлығы бізге өздері келуі керек. Біздің миллиондаған көрермені бар ITV деген күшіміз бар, ал ұлым Ұлыбританияның ең әсерлі боксшысы. Головкинді тірідей қуыратын жоспарымыз бар. Бірінші кезекте Головкинмен жұдырықтасуды көздеп отырмыз", - деп келтіреді оның сөзін Boxingscene.com.

Осыған дейін ұлыбританиялық боксшының әкесі GGG-мен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. Айтуынша, олар бұл жекпе-жекті 2017 жылы ұйымдастырғысы келеді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Юбенк Головкинмен өткен жылы-ақ кездесу өткізе алар еді, келіссөздер де жүргізілген. Алайда ұлыбританиялық боксшы тым көп гонарар сұрағандықтан, кездесу өтпей қалды. Сөйтсек, ұлыбританиялықтар 6 миллион доллардан бас тартыпты. Кейін Юбенк Головкинмен жекпе-жек өткізе алмағаны үшін ашуланғанын мәлімдеген.

Еске салайық, Юбенк өткен демалыс күндері Лондонда аустралиялық Ренольд Куинлинді жеңіп, IBO белбеуінің иегері атанған. Жекпе-жек аяқталғанда ол Головкинді рингке шақырған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама