Головкинды соққының астына алатын сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін - Келл Брук

Головкинды соққының астына алатын сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін - Келл Брук © Reuters

Жартылай орта салма?та IBF н?с?асы бойынша ?лем чемпионы ?лыбританиялы? Келл Брук (36-0, 25 КО) WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) болатын жекпе-жекті та?атсыздана к?тіп ж?ргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-0, 25 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) болатын жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Не туралы айтуға болады? Мен оның бетінен ұрғым келетіні жөнінде ме? Бұл - спорт. Мен қарсыласыма жылы қабақ танытушылардың қатарынан емеспін, себебі шаршы алаңға шыққан кезде оны соққының астына алу қиынға соғады. Сондықтан кәсіп - кәсіп болып қалуы тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, ол Головкинның сыйлы адам екенін айтып отыр. "Біздің кездесуімізге дейін трэш-токинг болған емес, сондықтан да біз бір-бірімізді жақсы құрметтейміз. Менің ойымша, ол сұмдық жекпе-жек болатынын біледі. Бұл тек кәсіп, кездесуді жүргізу үшін жасалған. Бірақ мен қарсыласпен жақсы болғаннан гөрі, өз командаммен болғанды қалаймын. Мен Головкинның жаттығулары мен жекпе-жектерін көрген жоқпын", - деп жазады BoxingScene.com Бруктың сөзін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол, сонымен қатар, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама