ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2020 | 09:47
Головкинге лайықты қарсылас табылды
Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.
"Барлығы да белгілі. Бұл - Геннадий Головкин. Қазақстандық боксшы Мунгия үшін лайықты қарсылас деп білемін. Оның жасы 36-ға келді. Ол бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол осыдан үш-төрт жыл бұрынғы нокаутшы емесі анық. Оның әрекет етуі бәсеңдеп жатыр. Жіберген соққылары да көп. Сол үшін де Мунгия үшін осы жекпе-жек маңызды деп ойлаймын", - дейді Фернандо Бельтран.
Айта кетейік, 12 қаңтарда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-3, 21 KO) жұдырықтасты. Мексикалық боксшы 11-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.
"Промоутер ұсынған адаммен жұдырықтасуға дайынмын, - деді мексикалық боксшы. - Менде бірнеше нұсқа бар. Асығудың қажеті жоқ, барлығын да ретімен істеймін. Бізге тиімдісін жасаймыз. Жаңа салмақта өзімді жақсы сезінемін. Алайда көптеген дүниелерді дұрыстау қажет: қозғалыс, қорғаныс және шабуыл. Мақсатымызға жақын қалдық деп ойлаймын".
Кездесуден соң Мунгия орта салмақтың чемпиондарына жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастады. Жаңа салмаққа ауысу үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.
Показать комментарии
Читайте также