Головкинге қазақ тілінде арналған рэп орындалды

Головкинге қазақ тілінде арналған рэп орындалды © vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) ?аза? тілінде арнал?ан рэп орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тлішісі. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қазақ тілінде арналған рэп орындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тлішісі. 

Орындаушы Қуаныш Назаров (Ars Production) қазақстандық боксшы туралы ән жазды. "Біз үшін Геннадий Головкин - ұлттық GGGерой (қаһарман). Майқұдықтан шыққан қарапайым жігіт өзінің талабы мен еңбегінің арқасында барлығына қол жеткізді. Соңғы жекпе-жегі ән шығаруға шабыттандырды. Бұл әнді ең мықты боксшыға арнаймыз", - делінген жарияланған видеоның астында. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін "Ақын Ақыныч" лақап атымен танылған өнерпаз Андрей Фендриковта Головкинге арнап ән шырқап, домбыра шертті. Сондай-ақ әнші Диана Шарапова Геннадий Головкинге арнап клип түсірген. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы, 19 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама