Головкинге табанында қазақтың туы бар аяқ киім сыйлады

Головкинге табанында қазақтың туы бар аяқ киім сыйлады © Youtube/ESNEWS

Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушісі орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге табанында қазақтың туы бар аяқ киім сыйлады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты ES News басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қазақстандыққа баскетбол ойынына арналған эксклюзив кроссовка сыйланды.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Головкиннің Jordan Brand спорт атрибутикасының өндірушілерімен келісімшарт жасасқаны хабарланған болатын. Айта кетейік, Jordan Brand - Nike компаниясының әйгілі баскетболшы Майкл Джорданға арнап жасаған бренді. Ал Головкин келісімшарт жөнінде былай деді: "Jordan Brand-тің бір бөлігі болғаным үшін қуаныштымын".

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама