ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2018 | 09:51
Головкинге титулдар үшін екінші орта салмақта жұдырықтасу ұсынылды
WBA (Super) нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) бірінші маусымының жеңімпазы Каллум Смиттің мүддесін қорғайтын ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн Sky Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетіндерін растады, - деп жазады Vesti.kz.

Осыған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер Хирнмен 2019 жылдың мамырында "Энфилд" стадионында жекпе-жек ұйымдастыру жайлы талқылағандарын айтқан еді.
"Леффлермен осыған дейін сөйлескен болатынмыз, бірақ өткен аптадағы баспасөз мәслихатында емес. Менің Смитке ең бірінші болып таңдайтын қарсыласым - GGG. Меніңше, бұл кездесуде аншлаг болады. Тамаша жекпе-жек болады. Сондай-ақ, бұл Головкинге "Канелоның" соңынан салмақ дәрежесін көтеріп, WBA (Super) және The Ring титулдарына таласуға мүмкіндік береді", - деді Смиттің промоутері.
Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады
Еске сала кетейік, Головкин 15 қыркүйекте өткен жекпе-жекте мексикалық Альварестен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын айырылған болатын.
Показать комментарии
Читайте также