Головкинмен 5 мамырда кім жұдырықтасуы мүмкін?

Хайме Мунгуйя. © rotativo.com.mx

Биыл 5 мамыр?а белгіленген Головкин мен Альваресті? реваншы ?тпей ?ал?ан жа?дайда ?аза?станды? боксшыны? кіммен ж?дыры?тасуы м?мкін екені аны?талды. ESPN инсайдері Дэн Рафаэльге сілтеме жаса?ан vRINGe.com сайтыны? м?ліметтері бойынша, Головкинмен мексикалы? 21 жаста?ы Хайме Мунгуйя ж?дыры?тасуы м?мкін, деп хабарлады Vesti.kz.

Биыл 5 мамырға белгіленген Головкин мен Альварестің реваншы өтпей қалған жағдайда қазақстандық боксшының кіммен жұдырықтасуы мүмкін екені анықталды. ESPN инсайдері Дэн Рафаэльге сілтеме жасаған vRINGe.com сайтының мәліметтері бойынша, Головкинмен мексикалық 21 жастағы Хайме Мунгуйя жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz.

Альварес 17 және 20 ақпанда тапсырылған допинг-тесттен өте алмады және кеше оның ісіне қатысты шешімді 18 сәуірде Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шығаратыны белгілі болды, бұл шешім арқылы реванштың өтетіні не өтпейтіні анықталады. Жекпе-жектің белгіленген уақытының таяп қалғанын ескерген Головкиннің командасы басқа қарсыласты іздестіріп жатыр.

Дәл қазір Мунгуйя туралы айтатын ешнәрсе жоқ, ол орта салмақтағылармен және джорнимендермен жұдырықтасқан, отаны Мексикадан тыс бір рет қана жекпе-жек өткізген.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы Хаймеден басқа Гэри О’Салливанның кандидатурасын да қарастырып жатыр. Бұларға қарағанда рейтингілері әлдеқайда жоғары Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екендерін жеткізді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама