Головкинмен бір залда жаттығып жүрген Мәдиев АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

Руслан Мәдиев. © vk.com

?аза?станды? боксшы Руслан М?диев А?Ш-та к?сіп?ой рингтегі кезекті жекпе-жегін ?ткізді. Оны? ?арсыласы мексикалы? Мартин Мартинес болды, оны ?аза?станды? боксшы т?ртінші раундта нокаут?а т?сірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев АҚШ-та кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Мартин Мартинес болды, оны қазақстандық боксшы төртінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәдиев GGG Promotions промоутерлік компаниясының атынан шығады және үнемі Абель Санчестің қол астында, Геннадий Головкинмен бірге бір залда жаттығады. Ол өткен жылы қыркүйекте бірінші жартылай орта салмақта тұңғыш рет жұдырықтасып, мексикалық Абдиэль Рамиресті жеңді.

25 жастағы Мәдиев әлі жеңіліп көрген жоқ, оның қоржынында 11 жекпе-жек, 11 жеңіс бар, олардың онын АҚШ-та өткізген.

Реклама
Реклама

27 жастағы Мартинес 14-нші рет жеңілді, оның қоржынында 18 жеңіс бар және бір рет қарсыласымен тең түскен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама