16 тамыз 2019 | 08:58

Головкинмен жекпе-жек күні мен орнын ресми жариялаған Деревянченко жазбасын өшіріп тастады

Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек күні мен орнын ресми жариялаған украиналық боксшы Сергей Деревянченко жазбасын өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек күні мен орнын ресми жариялаған украиналық боксшы Сергей Деревянченко жазбасын өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өшірілген жазбасында украиналық боксшы жекпе-жектің 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтетінін жазған. Айта кетсек, бұл рингте қазақстандық осы жылдың маусым айында канадалық Стив Роллсты DAZN дебютінде нокаутқа түсірген.

Реклама
Реклама

Бұл жекпе-жекте орташа салмақтағы IBF бос белбеуі тұр. Кездесу туралы Деревянченконың әлеуметтік желілердегі жазбасында жекпе-жек постерін, Украина мен Қазақстан тулары бар эмоджиін, сондай-ақ, Нью-Йорктің символы - Бостандық ескерткішін жариялаған.


Өшірілген жазбаның скриншоты


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная