Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасамын - Альварес

© Action Images/Andrew Couldridge

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жегінің міндетті түрде болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл жекпе-жектің биыл өтуі әбден мүмкін. Барлығы келіссөздерге байланысты. Дегенмен мен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайынмын", - деді Альварес.

Сонымен қатар, мексикалық боксшы Головкинмен 7 мамырда Әмір Ханға қарсы өтетін жекпе-жегінің нәтижесіне қарамастан жұдырықтасатынын мәлімдеді. "Кездесу міндетті түрде болады, мен осыны қалаймын. Дегенмен қазір бұл туралы ойлай алмаймын. Себебі алда Әмір Ханмен өтетін жекпе-жегіме дайындалуым керек", - деді Альварес.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді. WBC талабына сәйкес, осыдан кейін ол Альварес - Хан кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға міндетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама