Головкинмен жекпе-жекке шығатын мықты қарсыластардың рейтингі жасалды

mirror.co.uk

Америкалы? Bleacher Report  басылымы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) ж?не IBF н?с?алары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді ?ткізетін мы?ты ?арсыластарды? рейтингін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Bleacher Report  басылымы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді өткізетін мықты қарсыластардың рейтингін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Тізімге сәйкес, мықты қарсыластардың үздік бестігінде орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын америкалық Дэниэл Джейкобс бар. Ал оның алдында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс тұрса, тізімде үшінші болып Сауль "Канело" Альварес тұр.

Реклама
Реклама

Рейтингте екінші болып IBF/WBA/WBO нұсқалары бойынша орта ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Сергей Ковалев тұр. Ал америкалық Андре Уорд болса тізімде бірінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осыған дейін Головкин Сондерспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.

Bleacher Report басылымының мәліметіне сүйене отырып, үздік бес қарсыластың тізімін ұсынамыз:
1. Андре Уорд;
2. Сергей Ковалев;
3. Сауль "Канело" Альварес;
4. Билли Джо Сондерс;
5. Дэниэл Джейкобс.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама