Головкинмен жұдырықтасуға келіскен "Канело" нағыз гангстер екенін дәлелдеді - америкалық бапкер

Головкинмен жұдырықтасуға келіскен "Канело" нағыз гангстер екенін дәлелдеді - америкалық бапкер Сауль "Канело" Альварес. © vk.com/ggolovkin

Америкалы? бапкер Наазим Ричардсон Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альваресті? (49-1-1, 34 КО) алда?ы жекпе-жегіне ?атысты пікірін білдірді. Ол "Канело" рингтегі ?рекетімен ?аза?станды?ты ?бден састырады деп есептейді.

Америкалық бапкер Наазим Ричардсон Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді. Ол "Канело" рингтегі әрекетімен қазақстандықты әбден састырады деп есептейді.

"Бастапқыда мен "Канелоға" сенбедім. Енді тіпті ол жеңеді деп есептейді. Меніңше, Головкин "Канело" одан қорқады деп есептеп, қателікке бой алдырды. Ешкім жұдырықтасуға асықпады, себебі ешкім GGG-ге қарсы "алтын жұмыртқалайтын" спортшысын қарсы шығарғысы келмеген. "Канело" болса нағыз гангстер екенін дәлелдеді. Головкиннің "Канело" сияқты осындай батыл қадамдар жасағанын байқамаппын. "Канело" Дэнни Джейкобстың батылдығын өзінің зор тәжірибесімен қайталай алады деп ойлаймын", - деп пікір білдірді ол Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама