"Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салғаны үшін рақмет!" - WBO чемпионы

Хайме Мунгуйя (сол жақта) және Садам Али. © HBO Boxing

Мексикалы? Хайме Мунгуйя (29-0, 25 КО) америкалы? Садам Алиды (26-2, 4 КО) нокаутпен же?геннен кейін Невада штатыны? Атлеттер комиссиясына (NSAC) ?ндеу жариялады, - деп хабарлайды BoxingScene.

Мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 КО) америкалық Садам Алиды (26-2, 4 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Невада штатының Атлеттер комиссиясына (NSAC) үндеу жариялады, - деп хабарлайды BoxingScene.

Таяуда 21 жастағы Мунгуйя қарсыласы Алиды төртінші раундта құлатып, бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Бастапқы раундтардың өзінде мексикалық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Осыған дейін, Хайме Мунгуйя Головкинмен жекпе-жекке шығуы тиіс болған Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) алмастыруы мүмкін екені айтылған еді. Алайда NSAC олардың жекпе-жегіне рұқсат бермеді, себебі GGG қарсыласының 12 раундтық жекпе-жек тәжірибесі болмаған.

Реклама
Реклама

5 мамырда Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жекпе-жекке шығып екінші раундта нокаутқа түсірді.

"Бұл мен үшін үлкен жеңіс, - дейді Мунгуйя Алимен өткен кездесуі жайлы. - Менің арманым орындалды. Әрбір боксшы осыны армандайды. Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салып, осы жекпе-жектің өтуіне ықпалын тигізген NSAC ұйымына алғысым шексіз. Мен өзімді жоғарғы деңгейдегі боксшылармен шаршы алаңда кездесуге дайын екенімді көрсеттім".

29 жастағы Али WBO титілын бірінші рет қорғаған еді. Бұл белбеуді ол 12 желтоқсанда Мигель Коттоның (41-6, 33 КО) бокстан кету кешінде жеңген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама