Головкиннен тартып алынған чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасалды

REUTERS©

Америкалы? Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) ж?не украиналы? Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) IBF т?жырымы бойынша орта салма?та?ы чемпионды? белбеу ?шін ж?дыры?тасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Джейкобстың ісін жүргізетін британиялық промоутер Эдди Хирн Деревянченконың мүддесін қорғайтын америкалық әріптесі Лу ДиБелламен келісімге келгенін мәлімдеді.

"Қымбатты досым Лу ДиБелламен бір апта келіссөздерден кейін HBO арнасындағы IBF белбеуі үшін Джейкобс - Деревянченко жекпе-жегінің шартын қабылдауға қуаныштымын. Мерзімі жақында Нью-Йорк үшін айтылады", - деп жазыпты Хирн Twitter желісінде.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама