Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасы бұғатталып қалды

Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасы бұғатталып қалды © instagram/gggboxing

Twitter микроблог сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ресми парақшасын бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Twitter микроблог сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ресми парақшасын бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұғаттауға сервисті қолдану ережесінің бұзылуы себеп болған. Ал нақты қандай ереженің бұзылғаны хабарланған жоқ. Головкиннің командасы әзірше бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. 

Бұған дейін суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюридің де Twitter-аккаунты бұғатталған болатын. Оның парақшасына хакерлер шабуыл жасаған. Кейін боксшының аккаунты бұғаттан шықты. Головкиннің парақшасын да хакерлер бұзып кіруі мүмкін. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама