Головкиннің Альвареске қанша соққы дарытқаны белгілі болды

Головкиннің Альвареске қанша соққы дарытқаны белгілі болды © Тұрар Қазанғапов

Головкин мен Альваресті? реваншта бір-біріне ?анша со??ы дарыт?аны туралы статистика белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Головкин мен Альварестің реваншта бір-біріне қанша соққы дарытқаны туралы статистика белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Compubox мәліметтері бойынша, Головкин 879 соққы жұмсаған, олардан 234 соққы дәл тиген (27 пайыз). Джеб 547-118 (22 пайыз), күшті соққылар 332-116 (35).

Альварестің жұмсаған соққылары айтарлықтай аз (622), бірақ дәл тигені басым - 202 соққы (33 пайыз). Джеб 256-59 (23 пайыз), күшті соққылар 366-143 (39).

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама