Головкиннің Альвареске қанша соққы дарытқаны белгілі болды

Головкиннің Альвареске қанша соққы дарытқаны белгілі болды © Тұрар Қазанғапов

Головкин мен Альварестің реваншта бір-біріне қанша соққы дарытқаны туралы статистика белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Compubox мәліметтері бойынша, Головкин 879 соққы жұмсаған, олардан 234 соққы дәл тиген (27 пайыз). Джеб 547-118 (22 пайыз), күшті соққылар 332-116 (35).

Альварестің жұмсаған соққылары айтарлықтай аз (622), бірақ дәл тигені басым - 202 соққы (33 пайыз). Джеб 256-59 (23 пайыз), күшті соққылар 366-143 (39).

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен бүгінгі өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама