Головкиннің бапкері Альваресті реванш алдында мазақ етті

Головкиннің бапкері Альваресті реванш алдында мазақ етті Абель Санчес пен Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альваресті реванш алдында мазақ етті, деп жазды Vesti.kz спорт порталы.

"Канело" реванш үшін беріліс қорабы бойынша маман тапты деп үміттенемін, себебі ол бірінші жекпе-жекте кері жүрісте батып қалған болатын. Менің бар білетінім, бірінші жекпе-жектен кейін фанаттар Геннадийге ысқырған жоқ. Реванштың ұйымдастырылуы ұзаққа созылды, себебі "Канелоға" бірінші жекпе-жектен алған жарақаттары мен әсерлерінен арылуға көп уақыт керек болды", - деді Санчес.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама