Головкиннің бапкері Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірді

Абель Санчес. © boxingscene.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? WBC титулы ?шін таласпайтыны туралы шешімі жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварестің WBC титулы үшін таласпайтыны туралы шешімі жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл оның өз шешімі. Ол үлкен жігіт болды. Мұны өзі әрі командасы шешті. Мен оларды бұл үшін сынға алмаймын. Олардың нақты бір себебі бар шығар", - деді Санчес. 

Осыған дейін, WBC президенті Маурисио Сулейман "Канелоның" балалық әрекеттерінен шаршағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мексикалық боксшы өзіне назар аударту үшін осындай қадамға барған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, "Канело" мен Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) арасындағы жанжал өткен жылы басталған еді. Ол кезде мексикалық боксшы Головкинмен міндетті түрде шығуы тиіс болды, алайда ол өз титулын қазақстандық боксшыға жекпе-жексіз бере салды. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама