Головкиннің командасы қазір қиын жағдайда, ал Сондрес осы мүмкіндікті пайдаланып жүр - маман

Головкиннің командасы қазір қиын жағдайда, ал Сондрес осы мүмкіндікті пайдаланып жүр - маман © Vesti.kz

?аза?станны? к?сіп?ой бокс федерациясыны? вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне ?аза?станды? Геннадий Головкин мен бритниялы? Билли Джо Сондерс арасында Астанада ?туі м?мкін жекпе-жегіне ?атысты ?з ойын айтты.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне қазақстандық Геннадий Головкин мен бритниялық Билли Джо Сондерс арасында Астанада өтуі мұмкін жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты.

Мұның алдында Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен екі жақты келіссөздерге Головкиннің жарақты бөгет болып тұрғанын айтқан.

"Соңғы жекпе-жекте Головкинге не болғанын білмеймін, бірақ, ол бұрынғысынша жұдырықтаса алмады - өзін ауыр және шаршаңқы сезінді. Дегенмен жарақат болған жоқ, әйтпегенде, Джейкобспен кездесуді бірден кейінге шегерер еді.

Реклама
Реклама

Сондерс қазіргі жағдайды пайдаланып, Головкин командасының қолы байлаулы екенін біліп, Генаға айтып жатқаны көп. Қазіргі кезде анық емес жайттар жетерлік: бірнеше мүделлі тарап бар болғанымен, ешқандай келісім жоқ. Сондерс Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екені белгілі - бұл туралы ол бірнеше рет айтқан. Ал Головкиннің командасында өзге жоспарлар бар болуы мүмкін. Асықпайық, Лефлердің ресми мәлімдемесін күтейік", - дейді Демьяненко.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің сөзінше, жақын арада Головкиннің командасы бокс кешінің мән-жайын талқылау үшін Астанаға келу керек.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама