Головкиннің Лемьемен жекпе-жегі үшін алатын гонорарының көлемі белгілі болды

WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің IBF чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жегі үшін алатын гонорарының көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жектен  екі миллион доллар алады, ал оның қарсыласы болса кездесуге қатысқаны үшін бір жарым ммиллион доллар гонорарға ие болады. Айта кетейік, бұл Головкиннің мансабындағы ең үлкен гонорар болып отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Головкин мен Лемье жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық боксшы 72,3 келіні көрсетсе, оның қарсыласы 72.48 келі болды. Екеуі де тиісті межеден асып кеткен жоқ. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы кездесу 17 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша жекпе-жек жексенбі, 18 қазан күні таңертең басталады. "Қазақстан" телеарнасы таңғы сағат 7:55-тен бастап кездесуді тікелей трансляциялайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама