Головкиннің Лемьемен жекпе-жегінің алдында киінетін бөлмесінің суреті жарияланды

Геннадий Головкиннің Давид Лемьемен жекпе-жегінің алдында киінетін бөлмесінің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Таяу сағаттарда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF чемпионы Давид Лемьенің кездесуі басталады.

Суреттен Madison Square Garden аренасындағы киім ауыстыру бөлмесінде Қазақстанның көк туы, оюмен көмкерілген шапан, бокс қолғабы ілінгеніне көруге болады. Головкин аренаға келді.

Реклама
Реклама


© Головкиннің "ВКонтакте"желісіндегі тобы

Еске салайық, 33 жастағы Головкин мен 26 жастағы Лемьенің кездесуі HBO телеарнасында ақылы трансляциялар жүйесі PPV арқылы таратылады. Астана уақыты бойынша, кездесу 9:00-де басталады деп күтіліп отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама