Головкиннің промоутері бокс кешіне қанша адам келетінін айтты

© vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер бокс кешіне сатыл?ан билеттер мен а?ылы трансляциялар (PPV) ар?ылы ?анша адам осы жекпе-жекті тамашалайтынын айтты. Б?л туралы Yahoo! Sports хабарлады. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер бокс кешіне сатылған билеттер мен ақылы трансляциялар (PPV) арқылы қанша адам осы жекпе-жекті тамашалайтынын айтты. Бұл туралы Yahoo! Sports хабарлады. 

Леффлердің айтуынша, Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешіне 20 мың көрермен келеді деп күтіледі екен - "аншлаг болмаса да, соған жақын болуы мүмкін". Айта кетейік, Головкин 2015 жылы осы аренада канадалық боксшы Давид Лемьемен өткізген жекпе-жегінде барлық орынды сатқан болатын.

PPV-ға қатысты Леффлер кереметтей сатылымдарды күтпейді екен, алайда ол 200 мың көрсеткішке қуанатынын жеткізген. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама