Головкиннің промоутері мексикалық жас боксшымен өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір айтты

Том Леффлер. © ringside24.com

А?пан айында Невада штатыны? Атлетикалы? комиссиясы допинг-тесттерден ?те алма?аны ?шін Сауль "Канело" Альваресті уа?ытша шеттетсе де, Геннадий Головкин орта салма?та ?з титулдарын 5 мамырда са?тап ?алуды к?здеп отыр, деп жазды Vesti.kz.

Ақпан айында Невада штатының Атлетикалық комиссиясы допинг-тесттерден өте алмағаны үшін Сауль "Канело" Альваресті уақытша шеттетсе де, Геннадий Головкин орта салмақта өз титулдарын 5 мамырда сақтап қалуды көздеп отыр, деп жазды Vesti.kz.

Осыған байланысты GGG командасы, оның ішінде промоутері Том Леффлер өзге де варианттарды қарастырып жатыр. Сонымен қатар, ол The Ring басылымына берген сұхбатында 5 мамырда Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін делінген Хайме Мунгуйяның кандидатурасы туралы айтты: "Барлық нұсқаларды қарап жатырмыз, біз әлі де комиссияның шешімін күтеміз, ол "Канелоның" бұдан кейінгі тағдырын шешуі тиіс".

Спорт порталының мәліметінше, дәл қазір Мунгуйя туралы айтатын ешнәрсе жоқ, ол орта салмақтағылармен және джорнимендермен жұдырықтасқан, отаны Мексикадан тыс бір рет қана жекпе-жек өткізген.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы Хаймеден басқа Гэри О’Салливанның кандидатурасын да қарастырып жатыр. Бұларға қарағанда рейтингілері әлдеқайда жоғары Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екендерін жеткізді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама