Головкиннің тісін қағып аламын деген түркиялық боксшы белорус қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

© World Boxing Council

Т?ркиялы? боксшы Авни Йылдырым 2017 жыл?ы маусымын с?тті бастады, ол шаршы ала?да белорус боксшы Александр Сущицпен кездесті, - деп хабарлайды vRINGe.com. 25 жаста?ы спортшы?а ?арсыласын же?у ?шін бірінші раунты? жартысы ?ана жеткілікті болды. 

Түркиялық боксшы Авни Йылдырым 2017 жылғы маусымын сәтті бастады, ол шаршы алаңда белорус боксшы Александр Сущицпен кездесті, - деп хабарлайды vRINGe.com. 25 жастағы спортшыға қарсыласын жеңу үшін бірінші раунтың жартысы ғана жеткілікті болды. 

"Сущиц жақсы бастады, бірнеше рет фаворитке соққы жасап, Авниге жақсы қарсылас бола білді. Мұндай тәсіл тиімді болып көрінді, алайда боксшылардың бір біріне жасаған соққыларының күшін әр түрлі болды. Тез аяқталған кездесуде Йылдырым оң қолымен жақсы соққы жасады, есеңгіреп қалған Александр бұрышқа тізерлеп отырып қалды. Сущиц реферидің онға дейін санағанын күтіп, кезедсідің аяқталғанын күтті, бірақ ол қатты есеңгіреп қалғаны көрінген жоқ", - деп жазады басылым.  

Айта кетейік, осы жекпе-жекке дейін Авни Йылдырым WBC рейтингінде үшінші тұрған, ал WBA бойынша - жетінші, IBF нұсқасы бойынша - сегізінші. Түркиялық боксшы өзі өткізген 15 жекпе-жектің төртеуін бірінші раундта аяқтаған. Ол осы кездесуді санағанда 10 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша үшінші орында тұрған түркиялық Авни Йылдырымның аты даумен шыққан промоутері Ахмет Онер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қатысты жағымсыз сөздер айтқан болатын. "Авни оны жеңіп қана қоймай тістерін түгелдей қағып алады", - деген болатын түркиялық промоутер. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама