26 наурыз 2021 | 14:21

Головкиннің ақшалай байлығы есептелді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректерде Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады.

"Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған", - деп жазды Флауэрс.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталды, ал екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті