13 қыркүйек 2019 12:52

Головкиннің бапкер ауыстырғаннан кейінгі өзгерісі көрсетілді

Желіде қазақстандық Геннадий Головкиннің 39-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчеспен қоштасқанға дейінгі және одан кейінгі суретінен жасалған коллаж тарады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық Геннадий Головкиннің 39-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчеспен қоштасқанға дейінгі және одан кейінгі суретінен жасалған коллаж тарады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші фото 2017 жылы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек алдындағы суреті, ол кезде Санчеспен жаттыққан. Екінші фото 2019 жылы маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырықтасар алдындағы сурет, бұл жолы ол рингке Джонатан Бэнкстің дайындауымен шыққан.

Реклама
Реклама

"Төменгі фото - Санчес кезіндегі 2017 жыл, жоғарғысы - Бэнкспен екі ай жаттығудан соң. Таңғаларлық форма, айтарлықтай мығым көрінеді", - делінген коллаж жазбасында.

Bottom photo golovkin under abel sanchez 2017 in the top photograph gennadiy golovkin 2 months in camp 2019 with Jonathan banks phenomenal shape looking a lot healthier I'm excited to see what the future holds for golovkin ????????. #GGGDerevyanchenko #GGG pic.twitter.com/5mTteF2jKr

— Bradley Davison (@BDspencer2000) September 11, 2019

Айта кетейік, Бэнкспен қоса Головкин командасына тамақтандыру бойынша маман да келген, ол екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жұмыс істегенімен белгілі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram