Головкиннің экс-бапкерімен жаттыға бастаған абсолют чемпион барлық белбеуінен айырылды

© Allboxing

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус WBC, WBA Super, IBF, WBO және IBO титулдарынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус WBC, WBA Super, IBF, WBO және IBO титулдарынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, бұл жекпе-жек Эдди Хирннің Американың Тасла қаласында ұйымдастырған бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Брекхустың қарсыласы тәжірибесі аздау америкалық Джессика Маккэскилл болған екен. 95-95, 97-93, 97-94 есебімен жеңіске жеткен Маккэскилл енді абсолют чемпион атанды. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Брекхусты былтырдан бері Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес жаттықтырады. Головкин Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеннен кейін Санчестен кетіп, Джонатан Бэнкспен жаттығатын болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама