Головкиннің ESPN телеарнасына қонақ болып барған кезіндегі видеосы пайда болды

Головкиннің ESPN телеарнасына қонақ болып барған кезіндегі видеосы пайда болды © YouTube/gggboxing

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының SportsCenter студиясына қонақ болып барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық өз турының аясында Давид Лемьемен болатын кездесуін жарнамалады. Айта кетейік, 18 тамызда Головкин мен канадалық боксшы Нью-Йоркте біріктірілген жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Боксшылар қатысатын пресс-тур Канаданың Квебек қаласында 19 тамызға дейін жалғасып, 20 жұлдызында Лос-Анджелесте аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама