09 желтоқсан 2020 09:19

Головкиннің қарсыласы ерекше мәлімдеме жасады

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) F) АҚШ-қа келді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) F) АҚШ-қа келді, ол орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Флоридада шоу ұйымдастырушылары бөліп берген залда жаттығуын бастап кетті. Жекпе-жек алдында бірнеше күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып алмауы үшін қонақүйде болады.  

Реклама
Реклама

"Мен бұл жекпе-жектің болғанын қалаймын. Оған аз қалды. Бұл жекпе-жекке жету үшін тырыстым, сондықтан тек қуану керек. Мен рингке дүние жүзіндегі ең мықты боксшының бірімен шығамын", - деді польшалық боксшы. 

Шеремета COVID-19-жұқтырып, айығып шыққан. Ол GGG сөзсіз фаворит болса да әлемдік бокс тарихында қалатынына сенімді.  

"Бастысы мен, отбасым маған сенеді. Балаларыма қараған кезде осының бәрін солар үшін істеп жүргенімді түсінемін", - дейді боксшы. 

Еске салайық, қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 19 желтоқсан таңертеңгі уақытта өтеді. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram