02 қазан 2020 | 10:44

Головкиннің келесі жекпе-жегі нақты қашан өтетіні белгілі болды

Фото: twitter.com/GGGBoxing

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN-ге сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

Реклама
Реклама

DAZN жұма сайынғы бокс шараларының сериясын жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Өйткені жыл соңына дейін Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фьюри де рингке шығатындықтан шоу өткізу кестесі өте тығыз.

Айта кетейік, GGG 2019 жылы қазанда төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгелі бері рингке шыққан жоқ. Ал осы жекпе-жектің андеркартында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная