ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2020 | 11:25
Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты мен өтетін орны белгілі болды
ESPN журналисі әрі инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтенінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ESPN журналисі әрі инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтенінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөздің мәліметі бойынша, кездесу Қазақстанда өтпейді.
"Бокстың кестесі коронавирус пандемиясына байланысты өзгеріп отыратынына қарамастан, Геннадий Головкиннің титулды Камил Шереметаға қарсы міндетті қорғау жекпе-жегі енді 6 маусымда Инглвудтегі Forum аренасында өтеді. Жекпе-жек алдын ала белгіленген мерзім 29 ақпаннан 28 наурызға, содан кейін сәуір немесе мамырға, ал қазір маусымға шегерілді. Жекпе-жек Головкиннің туған жері Қазақстанда өтуі мүмкін еді, бірақ ақпарат көздері айтқандай, бұл қазір талқыланбайды да. Жекпе-жек күнінің өзгеру себептерінің бірі - GGG ақпанның ортасында жаттығуда жіліншігін жарақаттап алған", - деп жазды Рафаэль өз колонкасында.
Еске салайық, бұған дейін Головкиннің рингке маусымда оралатынын промоутері Эдди Хирн айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также