ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2019 | 09:44
Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді.
"Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау бойынша келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", - деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында.
Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.
Показать комментарии
Читайте также