03 желтоқсан 2021 | 11:23

Головкиннің Муратамен жекпе-жегі шегерілді - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметтері бойынша, Жапонияда COVID-19-ға байланыс енгізілген жаңа шектеулерге сәйкес шетелдіктерге кіруге тыйым салынады. Бұл шаралар "омикрон" штамының таралуына қарсы күресу үшін қабылданған.

Ресми тұлғалар Жапония үкіметінен Головкинге қатысты басымдық алуға үміттенген, бірақ келісімге қол жеткізбеді. 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған жекпе-жек келесі жылға ауыстырылады деп жоспарланған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин өткен жылдың желтоқсанынан бастап рингке шықпаған болатын, сол кезде АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.

35 жастағы Мурата одан да ұзақ рингке шықпады, 2019 жылдың желтоқсанында ол Стивен Батлерге (28-3-1, 24 KO) қарсы жекпе-жекте өз титулын қорғап қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная