ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2021 | 11:20
Головкиннің промоутері боксшыны сынағандарға жауап берді
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшыны сынға алғандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Twitter қолданушылары Головкинді шамадан тыс бағаланған боксшы екенін айтып, оны Андре Уордпен жекпе-жектен қашты деп айыптады. Өз кезегінде The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер пікірталасқа араласпады, бірақ мұндай мәлімдемелерге өз реакциясын көрсететін GIF жариялады.
Кейінірек Леффлер пікірталасқа қосылды. "Кейбір адамдар тарихты өз әңгімесіне сәйкес қайта жазуды ұнатады. Дуг, олар ешқашан сабақ алмайды", - деп промоутер Фишердің жазбасына жауап жазды.
Еске салайық, Головкин рингке былтыр желтоқсанынан бері шыққан жоқ, ол поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-ші рет қорғады.
Қазақстандық босшы желтоқсанда Жапонияның орта салмақтағы WBA нұсқасының жергілікті чемпионы Риота Муратамен кездеседі деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также