ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2020 | 10:53
Головкиннің промоутері тағы бір қазақстандық боксшымен келісімшарт жасайды
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) жақын арада промоутерін ауыстырып, бір жылдан кейін шаршы алаңға оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында менеджер Зия Алиев осы кездесу туралы толық айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) жақын арада промоутерін ауыстырып, бір жылдан кейін шаршы алаңға оралады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында менеджер Зия Алиев осы кездесу туралы толық айтып берді.
2019 жылдың шілде айында 29 жастағы боксшы соңғы рет шаршы алаңға шыққан еді. Содан соң отандасымыз бір жыл жұдырықтаспады. Ол жалпы кәсіпқой бокста тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.
"Біз бір промоутерден кетіп, басқа промоутермен келісімшарт жасауға келіссөз жүргіздік. Сол үшін де ол жұдырықтасқан жоқ. Мұндай процесс кезінде басқа нәрсенің барлығы тоқтап қалады.
Промоутермен келісе алмай қалған кезіміз де болды. Сол үшін промоутер ауыстырып жатырмыз. Қазір аяқталып қалды. Шамасы Matchroom компаниясымен келісімшарт жасайтын шығармыз", - деді Алиев.
Айта кетейік, Matchroom Boxing компаниясының басшысы - Эдди Хирн. Ол Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Данияр Елеусіновпен (9-0, 5 КО) жұмыс істейді.
Одан бөлек, тағы танымал бірнеше боксшы бар. Олардың қатарында аса ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF, IBO және WBO чемпионы британдық Энтони Джошуа (23-1, 21 КО), хорват Филип Хргович (10-0, 8 КО) секілді ауыр салмақтағы боксшылар бар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также