Головкинның қарсыласы алдағы жекпе-жектен қанша табыс табады?

Геннадий Головкин мен Келл Брук © REUTERS

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинмен жекпе-жек ?ткізетін ?лыбританиялы? боксшы Келл Брукты? ?анша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізетін ұлыбританиялық боксшы Келл Бруктың қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Лондонда өтетін екі боксшының арасындағы жекпе-жек маңызды оқиғалардың бірі болмақ. BoxingScene.com басылымының мәліметінше, Брук бұл жекпе-жектен шамамен үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) табады. Ал Головкинның гонорары қанша екені әзірше белгісіз. Еске салайық, қазақстандық боксшы биыл сәуірде Лос-Анджелесте америкалық Доминик Уэйдпен өткен кездесуде екі миллион доллар алған болатын.

Ал Келл Брук өз кезегінде Головкинды жеңіп кетсе, салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы атанатынын мәлімдеп отыр. Ал оның бапкері Доминик Ингл мен промоутері Эдди Хирн өз шәкіртінің Головкинның бұрынғы қарсыластарының барлығын жеңе алатынын айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама