Хабиб Головкиннің ММА-дегі болашағы туралы ойын айтты

Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

Хабиб Нурмагомедов Алматыда өткен баспасөз конференциясында боксшы Геннадий Головкин туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хабиб Нурмагомедов Алматыда өткен баспасөз конференциясында боксшы Геннадий Головкин туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин ММА-де? Меніңше, оның жасы келіп қалған сияқты және ол қазір өзін ол жақта көрсете алмайды", - деді Нурмагомедов. 

Сонымен қатар, Нурмагомедов қазақстандық боксшының кәсіби жекпе-жекке шығуы денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін айтады. 

Реклама
Реклама

"Генамен, иә, таныспын, бір рет кездескенмін. Карьерасын бақылап жүремін, әлемдік деңгейдегі боксшы. Бір жекпе-жек өткізіп, жас келгенде ақша жасап, аяқтауға болады. Ол менің жеке кеңесім. 35 жастан кейін спорттың ондай түрімен айналысқан дұрыс деп есептемеймін, әсіресе жеңіл салмақта. Оның отбасы бар, өмірі, кәсібі әлі алда. Бокс - ММА-ге қарағанда жарақат көп алатын спорт түрі. Блогерлермен жұдырықтасып, ақша табуға болады. Мен оның орнында болсам бір-екі блогермен шығар едім. Қазір Канело секілді арыстандармен жұдырықтасу дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Хабиб. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама