Twitter желісі әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің ресми аккаунтын бұғаттан шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы GGG-дің өзі мәлім етті. "Халық чемпионы Twitter-ге оралды", - деп жазды Головкин өз парақшасында.
Бұғаттан шыққан парақшада Головкиннің есімінің ағылшынша нұсқасы өзгерген. Есімге тағы бір әріп қосылған - Gennadiy Golovkin (бұрын Gennady болып тұрған).
The People's Champ is back on @Twitter! ???? pic.twitter.com/JwMxJ13Kpk
— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) June 18, 2019Айта кетейік, Головкиннің Twitter желісіндегі парақшасы 13 маусымда бұғатталып қалған еді. Оның себебі ретінде ереже бұзылғаны айтылған.
Бұған дейін суперауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюридің де Twitter-аккаунты бұғатталған болатын. Оның парақшасына хакерлер шабуыл жасаған. Кейін боксшының аккаунты бұғаттан шықты.
Головкиннің парақшасын да хакерлер бұзып кіруі мүмкін.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 9 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізген еді. Головкин төртінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл - GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі.