HBO Головкин - Лемье жекпе-жегіне арналған видеоның толық нұсқасын жариялады

HBO Головкин - Лемье жекпе-жегіне арналған видеоның толық нұсқасын жариялады © Roundbyroundboxing.com

НВО "Головкин - Лемье жекпе-жегіне апарар жол: Толық нұсқа" (Road to Golovkin/Lemieux: Full Show) видеосын ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Лемье Головкинді жеңетіні туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама